Анажан, апатай, анашым

lat: Anajan, apataı, anashym.

Анасын жақсы көріп, анасына еркелеп айтатын сөз.

Бастан бақыт құсы ұшып,

Ол құс қайта қонар ма?

Қойғанменен, шешеке,

Бүл жалғанда оңар ма?

Асыл туған, анажан («Батырлар жыры»).

Бекбай атадай беделді ақсақалды сыйлағандықтан, оның тоқалын апатай деп жатыр (Ә. Көшімов).

Мүмкін, дәл қазір ол мені ардақты анашымдай қуаныштан көзіне жас алып күтіп тұрған болар (М. Шаханов).